Елордада кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

2 Шілде 2022, 23:15
1180
Бөлісу:
Елордада кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін таныстырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Айта кетейік, биыл тұрғындардың өтініші бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу орны "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңнан "Барыс Арена" мұз сарайына қарама-қарсы аумаққа ауысты. 

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне елордаға жақын орналасқан Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері қатысты. 

Кәсіпкерлердің айтуынша, өнімдер тез сатып алынады, ал бағалар нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің негізгі бөлігі жәрмеңкелерге бірінші жыл қатысып отырған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы