Елордада 12 мыңнан астам пәтер тексерілді
23 Қаңтар, 10:37 681

Елордада 12 мыңнан астам пәтер тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда аумағында қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» атты республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі  хабарлады.

Полиция мен әскери қызметкерлерден тұратын мобильді топтар қала көшелерін патрульдеуде. Атыс және суық қаруды және тыйым салынған заттарды алып жүру және тасымалдау фактілерінің жолы кесілуде. 

Аталған іс-шара басталғаннан бері 12 мыңнан астам пәтер, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үй тексерілді. 

Сонымен қатар жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер көлік құралдары жүргізушілерінің жол ережесін бұзғандарын анықтап, жолын кесуде. Елорда көшелерінде мас хәлде болған 16 жүргізуші ұсталып, автокөліктері коммуналдық тұраққа койылды.

Түркістан-Сығанақ көшелерінің қиылысында Патрульдік полиция мамандандырылған батальонының қызметкерлері 26 жастағы жүргізушінің басқаруымен «ВАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатады. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрған. Куәландыру нәтижелері бойынша ер адамда жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдық байқалды. Бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Процессуалдық шешімді сот тарапынан қабылданатын болады.  Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін тәртіп бұзушылар 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Қабылданған шараларға қарамастан, кейбір азаматтар мас күйінде көлік жүргізуді жалғастыруда, осылайша өз өмірлеріне, сондай-ақ жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндіруде. 

 

 


Фото: дереккөз
Загрузка...