Бейжің олимпиадасы: Шаңғы қоссайысы қай күндері өтеді?
23 Қаңтар, 17:45 681

Бейжің олимпиадасы: Шаңғы қоссайысы қай күндері өтеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына шаңғы қоссайысы бойынша 55 спортшы сынға түседі. Шаңғы қоссайысы бойынша жарыс тек ерлер арасында өтеді. құрама спортшы қатысады. Жарысқа тек ер адамдар қатысады.

Аталған спорт түрі бойынша үш медаль жиынтығы сарапқа салынады. Олар: Үлкен трамплин/10 км қашықтықта жарыс/ (жекелей сайыс), қалыпты трамплин/10 км қашықтықта жарыс (жекелей сайыс) және 4х5 км үлкен трамплин/эстафета (командалық сайыс).

Үш санаттың барлығы шаңғымен трамплиннен секіру мен шаңғы жарысы бойынша өтеді. Командалық есепте әр командадан төрт спортшы үлкен трамплиннен секіреді, содан кейін эстафеталық жарыс – 5 шақырымдық төрт кезеңнен өтеді.

Шаңғы жарысы 1924 жылғы ең бірінші қысқы Олимпиада ойындарынан бастап Ойындар бағдарламасына енгізілген. Бұл қысқы ойындарда тек ерлер қатысатын жалғыз спорт түрі.

9 ақпан
Қалыпты тамплин/10км (жекелей сайыс), шаңғымен секіру
Қалыпты трамплин/10км шаңғы жарысы (жекелей сайыс)

15 ақпан
Үлкен трамплин/10км (жекелей сайыс), шаңғымен секіру
Үлкен трамплин / 10км (жекелай сайыс), шаңғы жарысы

17 ақпан
Үлкен трамплин/4х5км (командалық есеп), шаңғымен секіру
Үлкен трамплин / 4х5км (командалық классификация), шаңғы жарысы


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...