Аймағамбетов ұлттық біліктілік тесті нәтижелері нашар университеттерді сынға алды

24 Мамыр 2022, 14:53
1273
Бөлісу:
Аймағамбетов ұлттық біліктілік тесті нәтижелері нашар университеттерді сынға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов ұлттық біліктілік тесті нәтижелері нашар университеттерді сынға алды.

Ұлттық біліктілік тесті бойынша нәтижелер өте төмен. Бакалавриат пен магистратура үшін 24-25% өте нашар көрсеткіш. Оны ашық көрсетіп отырмыз, - деп айтты министр.

Бұған дейін Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев біліктілік тестіне қатысты баяндама жасаған болатын.

Жалпы университеттердің қатыспай отырғандарының және қатысу деңгейінің төмендігінің себебі түсінікті. Ұлттық және алдыңғы қатардағы университеттер оған (Ұлттық біліктілік тестіне қатыспауға – ред.) бармайды. Сонымен қатар қатысып, бірақ нәтижесі төмен болғандардың да тізімін көріп отырмыз. Енді осы университеттерді тиісті тексеру парағына кіргізіңіздер, - деп Асхат Аймағамбетов әріптестеріне тапсырма берді. 

Министр осы аталған университеттер бойынша нақты жұмысты жүргізу қажеттігін ескертті

Егер оларда білім сапасы болмаса және білім беру жұмысы жүрмесе, онда олар не үшін жұмыс істеп отыр? Мүмкін тиісті бағыттар бойынша көмек көрсету керек шығар? – деді Білім және ғылым министрі аппарат отырысында.

Өзгелердің жаңалығы