Индер базарындағы өртті полицейлер ауыздықтап үлгерді

27 Сәуір 2024, 20:04
412
Бөлісу:
Индер базарындағы өртті полицейлер ауыздықтап үлгерді
Фото: видеодан кадр

Индер базарында шыққан өртті полицейлер дер кезінде ауыздықтап үлгерген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы Индер ауданында 27 сәуір күні сағат 01:00 базар ішінен өрт шыққан. Аудандық полиция бөлімі бойынша тексеруші болған бөлім бастығының орынбасары Арман Кубашев аумақты аралау кезінде қызыл жалынды байқап қалған. Дереу қауіпсіздік шараларын қолға алып, жақын маңдағы әріптестерін шақырған. 

Индер ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары Юрий Гоменюк пен Нұрберген Алтынбеков қолда бар құралдармен өртті ауыздықтап, тілсіз жау зардабының алдын алды.

Өзгелердің жаңалығы