ІММ жауабы: Шетелдік көліктерді заңдастыру қашан басталады?

12 Қаңтар 2023, 12:47
1159
Бөлісу:
ІММ жауабы: Шетелдік көліктерді заңдастыру қашан басталады?

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі. 

Ережелер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, яғни ережелер бүгін жарияланғанын ескере отырып, олар 2023 жылдың 23 қаңтарында (дүйсенбіде) күшіне енеді және сол күннен бастап біз шетелдік автокөліктерді заңдастыруға кірісеміз. Көрсетілген Қағидаларда автомобильдер қандай жағдайларда 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесін төлей отырып және утиль алымнан босатыла отырып, жария етілуге жататын нақты өлшемшарттар белгіленген, - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте. 

Сонымен қатар Игорь Лепёханың мәлімдеуінше, бұл ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады. 

Бірінші - көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек; 

Екінші - көлік іздеуде болмауы тиіс; 

Үшінші - басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс; 

Төртінші - кедендік тазартудан өтуі керек.

 

Өзгелердің жаңалығы