Имам антиваксерлерге қатысты пікір білдірді

9 Тамыз 2021, 16:00
3318
Бөлісу:
Имам антиваксерлерге қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ресейдегі Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы Шамиль Аляутдинов тележүргізуші Динара Сатжанға Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирде берген сұхбаты барысында айтты. Белгілі діндар антиваксерлерге қатысты пікірін ортаға салды.

Оның айтуынша, жалған ақпаратты таратушыларға ислам дінінде қалай қарайтындығы туралы талқылады. «Қазіргі кезде антиваксерлер жетерлік, солардың арасында дәрігер де бар. Ол үнемі адамдарға күмән тудырып жүреді. Исламда адамдарға жалған ақпарат тарату күнә ма?» деп сұрады тележүргізуші діндардан.

Жалған айту – зиянды әдеттердің бірі. Хадисте иманды адам өтірік айтпайды делінген. 6-аят 49-сүреде егер сізге әр түрлі беделге ие күнәһар адам келіп, сіздің жағдайға деген қатынасыңызды, адамды жаман жаққа қарай өзгертуі мүмкін ақпаратты жеткізсе, сіз бұл жағдайдың анық-қанығына көз жеткізіп, мәнін түсіну керексіз. Яғни бұл жағдайды айқындау қажет. Асығыс қорытынды жасасаңыз, біреуге зияныңызды тигізіп, арты өкінішке ұласуы мүмкін, - деді имам.
Жалғанның қандай жағдай болсын күнә екендігін айтқан діндар қандай жағдай болмасын бәрін анықтап, саралап барып, шешім қабылдаған жөн деп отыр.
Қасиетті Құран Кәрімде де адам бар білімін қолданбай, пайда ілімді зерттемесе, ол есекпен тең делінген. Адамдар миларын іске қоспайтын кездерді айтып отырмын. Қазіргі заман шындығында пікір алуандығы болу заңдылық. Түрлі пікірлерді зерттеп, қорытынды жасаңыздар. Біреуді қорлап, төмендетудің қажеті жоқ. Ол мәселеге қатысты пікіріңіз басқа болса, ол да өз еркіңіз, - деді Шамиль Аляутдинов.

Өзгелердің жаңалығы