ІХ республикалық құран жарысы өтеді

7 Ақпан 2020, 07:20
1732
Бөлісу:
ІХ республикалық құран жарысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 17-19 сәуір күндері құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ІХ республикалық құран жарысы өтеді, деп жазады muftyat.kz.        

Сайыс құран кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылады.

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар:

- Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;

- үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;

- толық құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;

- үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;

- үміткердің жасы 30-дан аспаған болуы керек;

- үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.

Қажетті құжаттар: "Үміткердің анкетасы", "Жеке куәлік көшірмесі", "Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі" мен "Бас имамның ұсыныс хаты".

Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2020 жылдың 10 сәуіріне дейін respquranjaris@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі. 

Өзгелердің жаңалығы