Өткен аптада елімізде 2904 қылмыс жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.
Бір апта ішінде 2904 қылмыс жасалды, оның 1788-і тәулік ішінде ашылды, - дейді Шұғыла Тұрлыбек.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері бірнеше қылмысты ізін суытпай әшкерелеген.
10 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 26 тонау және 393 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - дейді ведомство өкілі.