ІІМ "Құқықтық тәртіп" шарасын өткізді

30 Тамыз 2019, 14:20
2168
Бөлісу:
ІІМ "Құқықтық тәртіп" шарасын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қонституицсяның 24 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.


"Екі күн ішінде 2117, оның ішінде қоғамдық орындарды 286, көшелерде 14 қылмыс тіркелді. Жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында полиция қызметкерлері 1287 қылмыстың ізін суытпай ашты. 91 қылмыскер ұсталды, оның ішінде өткен жылдары іздеу жарияланған 9 қылмыскер қолға түсті. Полицейлер тұрғындардан заңсыз сақталған 66 қару, 61,5 кг есірткі құралдары алынды", - делінген таартылған ақпаратта.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша,  35,3 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда спиртті ішімдік ішу, балаларды тәрбиелеуде ата-ана міндеттерін орындамау, елімізді болу тәртібін бұзу, жолаушыларды заңсыз тасымалдау, көлік құралдарын мас күйде басқару фактілері анықталды.

Жедел-профилактикалық іс-шара өткізу барысында полиция қызметкерлерінің іс-қимылы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесуге бағытталады.

Өзгелердің жаңалығы