ІІМ су басу қаупі бар елді мекендерді бақылауда ұстап отыр

25 Сәуір 2019, 12:32
2206
Бөлісу:
ІІМ су басу қаупі бар елді мекендерді бақылауда ұстап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қазақстанның қай аумақтарында су тасқыны қаупі бар екенін айтты. Бұл туралы ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«2019 жылдың 25 сәуіріндегі мәлімет бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Есіл өзенініндегі жағдайға назар аударылып отыр. Қазіргі таңда жағдай Ақмола облысы аумағындағы Есіл өзенінің Колутон, Жабай өзендеріне келіп құйылуына байланысты Сергеевский су қоймасында шамамен 1 метр 32 см құрайтын судың көтерілуінің екінші толқынын күтіп отырмыз», - деп айтты вице-министр баспасөз мәслихатында.  

Ильин Петропавл аумағындағы су басу қаупі бақылауда екенін, мониторинг жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

«Республикалық маңызы бар «Челябинск-Новосибирск» автожолы арқылы судың өтуін қадағалап отырмыз. Автожолда қозғалыс шектелсе де, айналма жолдар бар. Сонымен қатар, саяжайлардың бір бөлігін де су басуы мүмкін. Қазірдің өзінде кейбір аумақтарға су кірді. Десек те, бұл жыл сайын қайталанатын жағдай. Саяжай учаскелерінің көп бөлігі өзен алқабына жақын салынған. Сол себепті ол учаскелер жылда су деңгейінің көтерілуінен зардап шегеді. Заречный секілді Петропавл қаласының басқа да аудандарына, елді мекендеріне қауіп төніп тұрған жоқ. «Шүлбі» СЭС-те су шығынының артуына байланысты, Павлодар облысындағы Ертіс өзенін де назарға алып отырмыз. Су көлемі 3500-ден 3100 дейін төмендеді. Павлодар облысы мен 9 елді мекенді бақылауда ұстап отырмыз», - деп сөзін түйіндеді ІІМ орынбасары.
Өзгелердің жаңалығы