ІІМ соққыға жығылған азамат туралы ақпаратты жоққа шығарды

9 Маусым 2019, 17:57
2678
Бөлісу:
ІІМ соққыға жығылған азамат туралы ақпаратты жоққа шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып BNews.kz агенттігі хабарлады.

«Әлеуметтік желілер мен мессенжерлерде полиция қызметкерлері соққысының астында қалған ер азамат туралы жалған ақпарат тарауда. Ресми түрде хабарлаймыз, Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бейнежазбадағы ер адам мас болған. Жедел жәрдем бригадасы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ауруханаға жатқызу үшін себептер болмады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында өткен заңсыз митинг барысында зардап шеккендер болмады. Осы ретте, азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және ресми дереккөздерге сенім артуға шақырамыз.

Өзгелердің жаңалығы