ІІМ оқу орнына қабылдау туралы жалған SMS-хабарламаларға алданып қалмауды ескертті

 Polisia.kz 24 Шілде 2026, 09:35
24 Шілде 2026, 09:35
180
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі талапкерлердің ІІМ-нің ведомстволық білім беру ұйымдарына оқуға қабылданғаны туралы жалған SMS-хабарламалардың тарап жатқанын мәлімдеді.

Аталған хабарламалар – жалған ақпарат және олардың Ішкі істер министрлігіне ешқандай қатысы жоқ.

Қазір қабылдау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Іріктеудің барлық кезеңі аяқталған жоқ. Қабылдау белгіленген мерзімге сәйкес, 15–25 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Қабылдау науқанының қорытынды нәтижелері конкурстық іріктеудің барлық кезеңі аяқталып, қабылдау комиссиялары тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана “Qyzmet police” ақпараттық жүйесіндегі талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.

Назар аударамыз, “Qyzmet police” ақпараттық жүйесі талапкерлердің оқуға қабылданғаны туралы SMS-хабарламалар жібермейді.

Осыған байланысты азаматтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге, олардағы сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін жария етпеуге және тек Ішкі істер министрлігінің ресми ақпаратына ғана сүйенуге шақырамыз.

Еске сала кетейік, Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заңына енгізілген өзгерістер күшіне енетінін мәлімдеген еді. Енгізілген өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

Тағы оқи отырыңыз:

ІІМ: Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 38 іс қозғалды

ІІМ жүк тасымалындағы алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті

Наверх