ІІМ музейі: Құнды жәдігерлер мен экскурсиялар

14 Қазан 2021, 16:30
10688
Бөлісу:
ІІМ музейі: Құнды жәдігерлер мен экскурсиялар
Сұхбат PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігінің музейі өз жұмысын Кеңес Одағы кезіңінде бастаған. Ашылғанына шамамен 46 жыл болған музейдің бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Қандай экспонаттар сақталған? Осы және өзге де сұрақтарға ІІМ Музей меңгерушісі Алмагүл Сатмағанбетова жауап берді.

ІІМ музейі: Құнды жәдігерлер мен экскурсиялар
ІІО музейінің тарихы

Алмагүл Сатмағанбетова айтуынша, Ішкі істер министрлігінің музейі өз жұмысын, жалпы, Кеңес Одағы кезінде бастаған. ІІМ 22 қазандағы №290 бұйрығының негізінде 1975 жылы 7 қазанда Алматы қаласында ресми ашылуы өткізілді. 1990 жылы бұрынғы ҚСРО-ның құқық қорғау жүйесіндегі үздік музейінің бірі ретінде аталып, «КСРО музейлері» каталогына енгізілген.

ІІМ музейі: Құнды жәдігерлер мен экскурсиялар

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алып, егемен мемлекет атағына ие болды. Елімізде қоғамдық-саяси өзгерістер болып, 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Үкіметтің қаулысына сай ІІМ Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы жарлық жарияланды. Солтүстік Астанаға ІІМ көшкеннен кейін Музейді орналастыру үшін үй-жай бөлінді, - деп атап өтті музей меңгерушісі.

ІІМ музейі: Құнды жәдігерлер мен экскурсиялар

Қазіргі таңда музейде 7 зал бар.

ІІМ музейі: Құнды жәдігерлер мен экскурсиялар

Қазақстан милициясының тарихы халқымыздың тарихымен тікелей байланысты. Сондықтан залдағы экспозициялар 1917 жылдан бастап Кеңес милициясы қалыптасқаннан, Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдары фашизмге қарсы күреске қатысқан, Соғыс әрекеттері аяқталған милиция қиратылған шаруашылықты қалпына келтіріп еліміздегі тәртіпті қамтамасыз еткен ержүректілік танытқан аға ұрпақтың тарихын баяндайды, - деп айтты ол.

Музей жәдігерлері

Музей қорында 1 мыңнан тарихи жәдігерлер жинақталған. Сондай-ақ құжаттар, фотосуреттер, тарихи маңызы бар экспонаттар, ардагерлердің ордендері мен медальдер, көптеген қару-жарақ бар.

ІІМ музейі: Құнды жәдігерлер мен экскурсиялар

Музей қорын жинақтау үшін ардагерлермен, аумақтық өңірлердегі құрылымдық бөліністермен, өзге музейлермен жұмыс жасаймыз, - дейді ІІМ Музей меңгерушісі Алмагүл Сатмағанбетова.

ІІМ музейі: Құнды жәдігерлер мен экскурсиялар
Экскурсия ұйымдастырыла ма?
Музей қызметкерлері тұрақты негізде ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырады, оның ішінде жалпы экскурсиялар, тақырыптық экскурсиялар, Ерлік сабақтары, Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, еңбек сіңірген, зейнетке шыққан тұлғалармен кездесулер, сондай-ақ Музей алаңында студенттік жастарды, оқушыларды, қаламыздың қонақтарын да қарсы алады.
ІІМ музейі: Құнды жәдігерлер мен экскурсиялар
Жастарды аға ұрпақтың үздік үлгілерінде тәрбиелеу және Ішкі істер органдарының тарихи мұрасын сақтап, келушілерге паш ету - музей қызметкерлерінің негізгі мақсатының бірі. Жоғарыда айтылып кеткендей, біз әрдайым музейде азаматтық тұлғаларды қарсы алуға дайынбыз. Алайда, біздің ведомство режимдік объект болғандықтан тура кіруге бізге рұқсат жоқ. Сол себепті студенттер, оқушылар алдын ала жіберілген тізімдер бойынша қабылданады, - дейді музей меңгерушісі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ІІО-ның музейінде жақында милиция ардагері Н.И. Приходьканы еске алуға арнаған экспозицияның тұсаукесері өтті.

ІІМ музейі: Құнды жәдігерлер мен экскурсиялар

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында біз мақтан тұтып, қазіргі Қазақстан полициясының басында тұрған ардагерлеріміздің есімдерін еске аламыз. Ішкі істер органдары ардагерлері біздің қызмектерлер үшін еңбекқорлықтың, тандаған кәсібі мен қызметтік борышынның адал үлгісі. Ардақты ІІО ардагері полиция полковнигі Николай Иванович Приходьконың жұбайы Музейге бірқатар материал тапсыру, оның ішінде ардагердің сыйға тартылған тапаншасын тапсыру туралы жүгінді. Осы жылғы 13 қазанда милиция ардагерінің 70 жасқа толуына орай ерекше еңбек сіңіргені үшін 2 дәрежелі Айбын орденімен марапатталған Н.И.Приходьконы еске алуға арнаған экспозиция жас қызметкерлердің назарына ұсынылды, - деп атап өтті ол.

Айтуынша, қарапайым учаскелік инспектор қызметінен бастап Николай Иванович өз өмірін құқық қорғау саласына арнап, Маңғыстау облысының Департамент бастығына дейін жетті.

ІІМ музейі: Құнды жәдігерлер мен экскурсиялар

Бұл іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері халықтың конституциялық мүдделерін қорғау, Тәуелсіз Қазақстанның демократиялық жаңаруы жолында атсалысуда. Ішкі істер органдарының дамуында жарқын із қалдырған тұлғаларға құрметпен қарау керегін қазіргі Қазақстан полициясының жастары білгені жөн деп ойлаймын, - деді ІІМ Музей меңгерушісі Алмагүл Сатмағанбетова.
ІІМ музейі: Құнды жәдігерлер мен экскурсиялар
Өзгелердің жаңалығы