ІІМ митинг туралы: Полиция бөлімшелеріне 26 адам жеткізілді

26 Қазан 2019, 15:40
2037
Бөлісу:
ІІМ митинг туралы: Полиция бөлімшелеріне 26 адам жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі 26 қазан күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында заңсыз, рұқсат етілмеген митинг өткізу әрекетінің болғанын мәлімдеді.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бас прокуратураның митинг өткізудің заңсыз әрекет екенін айтып, бірнеше рет жасаған ескертулеріне қарамастан кейбір азамат заң талаптарына мойынсұнудан бас тартты.

"Қазір полиция бөлімшелеріне 26 адам жеткізілді. Тергеу барысында істің мән-жайы анықталып, ұсталған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылатын болады", - делінген ІІМ хабарламасында.

Құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ІІМ арандатушылық үндеулерге ермей, экстремистік ұйымдардың заңсыз акцияларына қатыспауға ескертеді.





Өзгелердің жаңалығы