ІІМ-де Ғазиз Сұлтановқа арналған экспозиция ашылды

10 Ақпан 2024, 15:43
419
Бөлісу:
ІІМ-де Ғазиз Сұлтановқа арналған экспозиция ашылды
Фото: gov.kz

ІІМ-де Ұлы Отан соғысының ардагері, ішкі қызмет генерал-майоры Ғазиз Сұлтановқа арналған экспозиция ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ішкі істер министрді Ержан Сәденов әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Ведомство мұражайында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ішкі қызмет генерал-майоры Ғазиз Сұлтановқа арналған экспозиция ашылды. Естелік бұрышының ашылуына Халық Қаһарманы, бұрынғы ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов, ІІО ардагерлері мен мерейтой иесінің ұрпақтары қатысты.

Ғазиз Сұлтанов ІІМ басшыларының арасында ерекше құрметке ие. Ол саналы ғұмырын ішкі істер органдарына ғана емес, сонымен қатар машина жасау саласына арнап, өзін дарынды басшы және қабілетті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді.Оның жетекшілігімен ауыл шаруашылығы машиналары мен өнімдерін, жиһаз бен тігін бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар, ІІМ жүйесінде қызметкерлер мен әскери қызметшілерге арналған ғимараттар, тұрғын үй-жайлар, емханалар мен госпитальдар салынды. Сонымен қатар оның тұсында қорғаныс өнімдері шығарыла бастады. Ғазиз Слямханұлы - жеті авторлық куәлік пен «Қазақ КСР еңбек сіңірген өнертапқышы» алтын медалінің иегері. Экспозицияның ашылуы - оның рухына деген құрмет. Бұл жерде оның өмірі мен еңбек жолының тарихы жинақталған. Даңқты генералдың есімі жас полицейлер үшін қашан да үлгі, - деп жазды министр.

Өзгелердің жаңалығы