ІІМ Байжановтың Мусинге қатысты айтқан сөзін тексеріп жатыр

17 Сәуір 2024, 12:27
299
Бөлісу:
ІІМ Байжановтың Мусинге қатысты айтқан сөзін тексеріп жатыр
Фото: Жоғарғы Сот

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха тергеу изоляторында Бауыржан Мусиннің түнгі уақытта емін-еркін жүргеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысында айыпталушы Бақытжан Байжанов тергеу изоляторында Мусинді түнгі уақытта Бишімжановпен бірге көргенін айтқан болатын.

ІІМ осы фактіге қатысты түсінік берді.

Осы факті бойынша қазір Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің қауіпсіздік департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Оны нәтижесін айтамыз, - деді Лепеха Мәжіліс кулуарында.

ІІМ вице-министрі тексеру жүргізіліп, бейнекамералар қаралатынын айтты.

Егер факті анықталса, онда қорытынды шығарамыз, - деп қысқа жауап берді ол.

Еске сала кетейік, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусин 2018 жылы пара алған деген айыппен 7 жылға сотталған.

Өзгелердің жаңалығы