ІІМ басшысы елордалық учаскелік полиция пунктінде болды

5 Шілде 2022, 18:19
1429
Бөлісу:
ІІМ басшысы елордалық учаскелік полиция пунктінде болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елорданың “Алматы” ауданы басқармасының учаскелік полиция пунктінде болды, – деп хабарлайды Polisia.kz cайтының тілшісі. 

Жаңа үлгіде салынған пунктте жұмыс істеу және азаматтарды қабылдау үшін барлық жағдайлар жасалған. Ведомство басшысы нысанның материалдық-техникалық жабдықталуын тексеріп, тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты.

 Мұнда тоғыз учаскелік полиция инспекторы қызмет етеді. Олар өздеріне қарасты аумақтағы 32 мыңнан аса тұрғынның тыныштығы мен қауіпсіздігіне жауапты. 

ІІМ басшысы елордалық учаскелік полиция пунктінде болды

Министр халықпен тікелей жұмыс жасайтын қызметкерлерден отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты келетін шағымдар туралы сұрады. Заңға қатысты сауалдар қойып, ортақ базада тиімді жұмыс жасау жолын тексерді. Сондай-ақ бейнетіркеу камераларының сапасына мән берді. 

Қағаздар азайды, базада жұмыс жасаймыз. Әкімшілік хаттамаларды планшеттің көмегімен электронды форматта толтырамыз, – деді учаскелік полиция инспекторы Еділ Қуатов. 

ІІМ басшысы елордалық учаскелік полиция пунктінде болды

Марат Ахметжанов қызметкерлердің жұмысымен танысып қана қоймай, сол аумақтағы криминогендік жағдайды білу үшін тұрғындарды сөзге тартты. 

Біздің аулада үйлер көп. Сондықтан мұнда тәртіп болғанын қалаймыз. Учаскелік пункт жақын жерде орналасқан, ыңғайлы. Әр үйде учаскелік инспектордың нөмірі көрсетілген. Егер кенеттен бірдеңе бола қалса, қоңырау шалып, жүгінуге болады, – деді жергілікті тұрғын Надия Рыспаева.

Өзгелердің жаңалығы