ІІМ Алматы академиясында мамандарды даярлау орталығы ашылды

8 Шілде 2023, 20:48
717
Бөлісу:
ІІМ Алматы академиясында мамандарды даярлау орталығы ашылды
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

ІІМ Алматы академиясында ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды даярлау Орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, онда полицейлерге Академияның білікті профессорлық-оқытушы құрамы аталмыш бағыттағы жұмыстың дағдылары мен ерекшеліктерін үйрететін болады. 

Атап айтқанда, еліміздің әр өңірлерінен ұйымдасқан қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша полиция мамандары біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. 

Оқыту Орталығының басты мақсаттарының бірі – ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізу жұмысында полицейлердің кәсібиліктерін арттыру.

Өзгелердің жаңалығы