Алматыда III кредиттік ұйымдар форумы өтіп жатыр

18 Қыркүйек 2019, 11:56
1737
Бөлісу:
Алматыда III кредиттік ұйымдар форумы өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда Қазақстан Республикасы кредиттік ұйымдарының ІІІ форумы өтіп жатыр.

Аталған жиында кредиттік ұйымдар мүшелерінің мүддесін қорғау және оларды дамытудың стратегиялық мәселелері талқыланып жатыр.

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ның басқарма директоры Сәбит Жақсыбеков негізі 2001 жылдары қаланған корпорацияның жұмысына тоқталып өтті.

IMG_20190918_101350.jpg

«Біздің кредиттік корпорацияның мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бөлінетін қаржылардың тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. 2001 жылы құрылған кезде қаржыландыру көлемі 100 млн теңге болса, қазір бұл көрсеткіш 90 млрд теңгеге дейін артты. 2001 жылы аграрлық кредит алуға 800 кәсіпорын қатысса, қазір 21 мыңға жетіп отыр», - деді ол. 

Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығын көркейтуге арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаны іске асырып жатқандарын айта келе мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру мен ашықтықты қамтамасыз ету тұрғысында да жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

IMG_20190918_095805.jpg

Форум жұмысына «ҚазАгро» холдингі, Аграрлық кредиттік корпорация, ҚР Ұлттық Банкі, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы өкілдері мен халықаралық кеңес берушілер қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы