ИИДМ еліміздегі тұрғын үй саясатының орындалу барысын жіті қадағалайтын болады

13 Қыркүйек 2019, 01:50
1881
Бөлісу:
ИИДМ еліміздегі тұрғын үй саясатының орындалу барысын жіті қадағалайтын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Қазақстанның саясатында ТКШ саласы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан министрлік осы саладағы барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жұмыстарды іске асыру мәселелеріне жауапкершілікпен қарайды.

Ведомстводан хабарлағандай, жыл сайынғы алқа отырысында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ТКШ саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп берді.

"1991 жылдан бастап 2018 жылға дейін 1,3 млн.астам азамат тұрғын үй жағдайын жақсартты. 160 мың отбасы әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 63 мыңнан астам үлескердің тұрғын үй мәселелері шешімін тапты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бір тұрғынға тұрғын үйді пайдалануға беру 0,68 ш.м. (12,5 млн.ш.м.) құрады. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. "Нұрлыжер" бағдарламасының тиімділік көрсеткіші мемлекеттік инвестицияның 1 теңгесіне жыл сайын 7 теңге жеке инвестиция тартылуы болып табылады", - деді өз баяндамасында ҚІТКШ комитетінің басшысы.

Оның айтуынша, 2030 жылға қарай тұрғындар арасында адам басына шаққанда 30 шаршы метрге дейін қамтамасыз етуді арттыру аясында жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі жыл сайын 8-10%-ға өседі деп күтілуде. Табысы жоқ немесе табысы кедейлік шегінен төмен отбасының 1 мүшесіне (21,5 мың теңге) жалға берілетін тұрғын үй сатып алынбай-ақ берілетін болады. Мұнда әлеуметтік тұрғыдан осал санаттар арасында іріктеу жүргізіледі.

Бұдан басқа, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" "Бақытты отбасы" жеңілдетілген кредит беру жөніндегі "2-10-25" бағдарламасы бұрынғысынша мақсатты аудиторияға ие болады - табысы кедейлік шегінен жоғары деңгейлі мүгедек балалары бар көп балалы, толық емес отбасылар мен отбасы мүшесіне 1 ЕТЖ (1 ЕТЖ - 42,5 мың теңге) дейінгі отбасылар.

Әкімдіктердің "5-20-25" бағдарламасы бойынша несиелік тұрғын үйіне кедейлік шегінен жоғары табысы бар және отбасы мүшесіне 2 ЕТЖ (85 мың теңге) дейін табысы бар кезекте тұрғандар үміткер бола алады.

2 ЕТЖ-дан (85 мың теңге) жоғары табысы бар азаматтар "7-20-25" бағдарламасының тетіктерін және (баспа-хит, ҚИК-Орда, ҚТҚЖБ "Өз үйім") нарықтық өнімдерін пайдалана алады.

Осы базаның шеңберінде түгендеу жүргізіледі және кезекте тұрғандардың мәртебесі, оның ішінде олардың табыстары бойынша анықталады, сондай-ақ меншігінде тұрғын үйдің болуы қадағаланады және өзге өңірде жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйге деген мұқтаждығы талданады. 2018 жылы осы база арқылы жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша 30 мың азамат есептен шығарылды.

"Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй табысы жоқ және ең алдымен көп балалы отбасылар үшін берілетін болады.  Тұрғын үйге мұқтаждардың ресми есебінде 38 мың отбасы бар. Көп балалы отбасылардың ең көп саны 3 өңірде: Түркістан (5937), Алматы(5093),Нұр-Сұлтан (3409). Көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін жыл сайын 50 млрд. теңгеден бөлінеді. Бұл жылына 6 мың отбасын әлеуметтік қолдаумен қамтуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы 3 жылда қаржыландыруды арттыру және қолдау арқылы қосымша 4 мың отбасыны қамту жоспарланған",-деді Мархабат Жайымбетов.

Сонымен қатар, басқа әлеуметтік осал санаттар үшін (жетім балалар, мүгедектер, зейнеткерлер,т.б.) сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысын салу жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, жыл сайын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 3 мың жұмыс істейтін жастарды жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. 3 жылда - 9 мың жас қамтылады.

Өз кезегінде, отбасы мүшесіне 2 жалақыдан аспайтын тұрақты табысы бар мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жеке тұрғын үй алуға мүмкіндік алады. Оларға әкімдіктердің несиелік тұрғын үйі ұсынылады. Мұндағы іріктеу жүйесі депозиттер дайындығының балдық жүйесі бойынша жүргізіледі.



Өзгелердің жаңалығы