ИИДМ басшысы металлург әріптестерімен кездесті

17 Шілде 2021, 13:34
1656
Бөлісу:
ИИДМ басшысы металлург әріптестерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Металлург күні қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның металлургиялық кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Бейресми форматта ұйымдастырылған кездесуде металлургтерді толғандырып жүрген саладағы өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, мамандар даярлау, жалақы, еңбек жағдайларын жақсарту сияқты тақырыптар қозғалды.

Бейбіт Атамқұлов 35 жыл бұрын өзінің еңбек жолын балқыту пешінен бастаған. Ғұмырының біраз жылын металлургияға арнаған министр табандылық пен төзімділікті талап ететін бұл мамандықтың қыр-сырын, қиындықтарын жақсы біледі.

Кездесу соңында ҚР ИИДМ басшысы кездесуге қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ конверторы-болат балқытушысы Василий Пастухқа, "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ электродтар өндіру цехының анод-монтаждау учаскесінің 6-разрядты анод құюшысы Нұролла Матаевқа, "Қазхром "ТҰК" АҚ ферроқорытпаларын балқытушысы Бейсембай Күлшәріповке, "Қазмырыш" ЖШС инженер-металлургы Жамбыл Естаевқа және "Феррум" ЖШС металлургі Әбдірашит Омаровқа саланың дамуына қосқан үлесі мен ерен еңбегі үшін алғыс хат табыстады.
Өзгелердің жаңалығы