Игорь Сон Ташкенттегі турнирде топ жарды

10 Ақпан 2020, 08:56
1339
Бөлісу:
Игорь Сон Ташкенттегі турнирде топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкентте (Өзбекстан) ауыр атлетикадан VI Халықаралық Ынтымақтастық біріншілік өтуде. 9 ақпанда турнирдің алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан атынан сынға түскен Игорь Сон алтын жүлдегер атанды. 61 келіде сынға түскен Сон қоссайыс қорытындысы бойынша 286 келіні бағындырған.

Сон жұлқа көтеруде 130 келіні, серпе көтеруде 156 келіні еңсерген.

Өзгелердің жаңалығы