Игерілмеген 891 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

21 Сәуір 2023, 22:55
1004
Бөлісу:
Игерілмеген 891 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: 24.kz

Қазақстанда игерілмей жатқан және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жөніндегі комиссиясының жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың басынан бастап АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің республика бойынша аумақтық бөлімшелері жер пайдаланушыларға қатысты 486 мың га алаңда жоспардан тыс 381 тексеруді тіркеді, нәтижесінде 304,7 мың га алаңда 152 нұсқама енгізілді.

Сонымен қатар, биыл 891,7 мың га бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды. Бұдан басқа, әкімдіктерге қатысты 65 тексеру жүргізіліп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру туралы 117 заңсыз шешім анықталды. Жергілікті атқарушы органдардың атына жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 54 ұйғарым берілді.

Өзгелердің жаңалығы