Хорватия Президентіне сенім грамоталары табысталды

5 Мамыр 2022, 09:46
1337
Бөлісу:
Хорватия Президентіне сенім грамоталары табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Алтай Әбибуллаев Хорватия Республикасының Президенті Зоран Милановичке сенім грамоталарын ресми табыс етті.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Президент сарайындағы салтанатты рәсім аясында екіжақты сұхбат барысында қазақстандық дипломат хорват мемлекетінің басшысын Қазақстан Республикасының өзекті ішкі және сыртқы саясаты, өңірдегі геосаяси ахуал, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асудағы іргелі саяси өзгерістер, әлеуметтік-экономикалық реформалар және Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша алдағы жалпыұлттық референдум, Екінші республиканың басты идеологиясы мен стратегиясы туралы жан-жақты хабардар етті, - делінген хабарламада. 

Дипломатиялық қатынастарымыздың 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан-Хорватия ынтымақтастығын жан-жақты нығайту мен екі мемлекеттің халықаралық және еуропалық сахнадағы өзара іс-қимылын бекімдеп, тереңдетуге бағышталған дәйекті қадамдар айқындалды. Үдемелі, өзара тиімді ынтымақтастық, экономикалық және мәдени-гуманитарлық сипаттағы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында қазақ-хорват әріптестігін сапалы жаңа сатыға көтеріп, дамыту бағыттары белгіленді. 

Хорватия Президенті Қазақстан халқы мен Президентіне ізгі тілегі мен ниетін жеткізіп, елшінің хорват еліндеге дипломатиялық миссиясына толағай табыстар тіледі

Өзгелердің жаңалығы