Хоккейден жастар құрамасы Әлем Чемпионатында алғашқы жеңіске жетті

11 Желтоқсан 2023, 11:37
389
Бөлісу:
Хоккейден жастар құрамасы Әлем Чемпионатында алғашқы жеңіске жетті
Фото: qazsporttv.kz

Будапештте басталған Әлем Чемпионатында Сергей Старыгин шәкірттері Венгрия құрамасын 5:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ qazsporttv.kz-ға сілтеме жасап. 

Ұлттық құрама сапында Бейбарыс Оразов, Егор Смолянинов, Артем Авдеенко және Всеволод Ловгин (дубль) көзге түсті

Бүгін Қазақстан жастар құрамасы Даниямен кездеседі. 

Айта кетейік, І дивизионның жеңімпазы келесі жылы Жастар арасындағы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне жолдама алады.

Өзгелердің жаңалығы