Хоккейден Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

4 Тамыз 2022, 00:10
3290
Бөлісу:
Хоккейден Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Елордалық "Барыс" хоккей командасының бас бапкері Андрей Скабелка Қазақстан құрамасының да бас бапкері болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған дейін 51 жастағы Скабелка Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. Беларусь маманының бастамасымен Қазақстан құрамасы 2019 жылы әлем чемпионатында А дивизионында жеңіске жетіп, элиталық кезеңге шығып, әлі күнге сол жерде ойнап келеді. 

Еске салайық, Скабелка биыл "Барыс" командасына да қайта оралған болатын. Маман қазір де құрама тізгінін ұстауға келісім беріпті. Енді біздің құрама бұл бапкердің бастамасымен келісі жылы әлем біріншілігінде өнер көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы