Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан АҚШ-пен кездеседі

25 Мамыр 2021, 19:50
3704
Бөлісу:
Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан АҚШ-пен кездеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Латвия астанасы Ригада шайбалы хоккейден әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін Қазақстан командасы үшінші матчын өткізеді, деп хабарлады Olympic.kz. 

Юрий Михайлис шәкірттері АҚШ құрамасымен кездеседі. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:05-те басталады. 

Қазақстан командасы бүгінге дейін Латвия және Финляндия құрамаларымен кездесіп, екі ойында да буллит сериясы бойынша жеңіске жетті.  

Әзірге, қазақстандықтар 4 ұпаймен В тобында үшінші орында келеді. 


Өзгелердің жаңалығы