Халықтың жағдайы әлі күнге дейін жақсы емес. Тоқаев тапсырма берді

29 Наурыз 2023, 10:34
1099
Бөлісу:
Халықтың жағдайы әлі күнге дейін жақсы емес. Тоқаев тапсырма берді
Фото: Тұрар Қазанғапов/tengrinews

Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Бұл туралы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы алдымызда айрықша маңызды міндеттер тұрғанын айтты. Айтуынша, біз жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейтуіміз қажет. 

Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беруіміз керек. Еліміз ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Неше түрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді. Атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мәжбүр болды. Алайда, аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес, - деді Президент отырыста.

Тоқаев атап өткендей, құқықтық әділетсіздік белең алды. 

Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті. Алдағы бес жылда Үкімет және Парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет. Біз еліміздің белдеуін бекемдеп тартуымыз керек. Экономикада және әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер бар, - деп атап өтті ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тоқаев «Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін» деп айтатын кейбір саясаткер туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы