Халықтың көкейіндегі сұрақтар бюрократияға қатысты – Геннадий Шиповских

17 Сәуір 2024, 18:27
255
Бөлісу:
Халықтың көкейіндегі сұрақтар бюрократияға қатысты – Геннадий Шиповских
Фото: facebook.com/Геннадий Шиповских

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских Петропавл қаласына арнайы сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сенат депутаты Республикалық ақпараттық штабының брифингінде баяндады.

Өздеріңіз жақсы білетіндей, бірқатар облыстарда біздің Парламент Сенатының депутаттары жан-жақты жұмыстар атқарып жатыр. Бүгін осы Петропавл қаласына келгелі бірқатар нысандарды араладық. Оның ішінде эвакуациялық пунктер, гуманитарлық көмек көрсету орталықтары бар, - деді Шиповских.

Ол су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының көкейінде қандай сұрақтар барын жеткізді.

Халықпен кездескен кезде халықтың да көкейінде бірқатар сұрақтар туындап жатыр. Көбі бюрократиялық мәселелерге қатысты болып тұр. Адамдар болашақта бағалау комиссиясы жұмысын ары қарай жалғастырғанда кейбір құжаттарды дайындау рәсімі ұзап кетуі мүмкін екеніне алаңдаулы және бағалау мәселесіне қатысты сұрақтар қойылды. Ол сұрақтардың барлығына жауап бердік, - деді депутат.

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеше Петропавл қаласына келуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысының халқы президентке үміт артып отырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы