Халыққа қашан бірдей жағдай жасалады?

16 Тамыз 2023, 14:52
1587
Бөлісу:
Халыққа қашан бірдей жағдай жасалады?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны еліміздің өңірлерін экономикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамыту мәселелеріне ерекше назар аударуға бағытталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы 5 жылда қалалар мен ауылдарды 100 пайыз ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырды. Алайда елде 1400-ден астам ауыл жойылған. Осы орайда Президент шекаралық ауылдар мен аудандарды дамыту мәселесін өз қарауына алды.

Ауылды жаңғыртуды көздеген ұлттық жобаның мемлекеттік жобадан айырмашылығы сол – форматының ықшамдылығында. Сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырумен қамтылған нақты іс-шаралардан тұрады.

Әлемде жер көлемі жағынан 9-орынды иеленетін ұлан-байтақ өлкеміздің аймақтарын қалай дамытамыз? Бала туу деңгейі жоғары облыстардағы экономиканы қалай ілгерілетеміз? Білім мен мәдениетті қалай қолға алған дұрыс? Өңірлерді дамыту үшін мемлекет не істеп жатыр? Қайтсек Қазақстанның барлық өңіріндегі халыққа бірдей жағдай жасаймыз? Арнайы репортаж осы сұрақтарға жауап берді. 
 

Еске сала кетейік, «Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының өткен саны Қазақстандағы кедендік бақылау деңгейіне арналған болатын.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы