Халықаралық волонтерлер форумына қатысуға өтінім қабылдау басталды

5 Мамыр 2023, 17:56
478
Бөлісу:
Халықаралық волонтерлер форумына қатысуға өтінім қабылдау басталды
Фото: BAQ.KZ

Халықаралық волонтерлер форумына қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конкурсқа қатысуға белсенді волонтерлерді, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың, бастамашыл топтардың (18 жастан бастап) басшыларын шақырамыз.

Конкурс ережелерімен мына сілтеме арқылы танысып, өтініш беруге болады. 

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 5-15 мамыр аралығында өтеді.

Байқау қорытындысы 25 мамырдан кейін жарияланады.

Әр өңірден 4 жеңімпаз 20-21 маусымда Астана қаласында өтетін Халықаралық волонтерлер форумына шақырылады.

Бүгінде форум волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар үшін ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналған. Онда 30-дан астам шет елдерден, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінен бірқатар делегат қатысады деп жоспарланып отыр.

Толық ақпаратты республикалық фронт-офистің Call орталығы (87787064242) немесе frontoffice.kz@gmail.com электрондық мекенжайға жазу арқылы білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы