Халықаралық сарапшылар Қазақстанның адам құқықтары саласындағы қарқынын оң бағалады

5 Желтоқсан 2023, 21:20
558
Бөлісу:
Халықаралық сарапшылар Қазақстанның адам құқықтары саласындағы қарқынын оң бағалады
PHOTO
Фото: gov.kz

Халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында Астанада Қазақстан Конституциялық Сотының бастамасымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен және Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп «Салауатты планетадағы бейбітшілік, қадір-қасиет және теңдік. Сот төрелігінің рөлі және адам құқықтарын алға оздыру» атты брифинг өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конституциялық Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын бейбітшілік кепілі ретінде Халықаралық диалог жылын және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығын атап өтудің бір бөлігі.

Диалог аясында бейбітшілікті қамтамасыз етудегі сот төрелігінің рөліне және қазіргі жаһандық сын-қатерлер мен орнықты даму перспективалары аясында адам құқықтарын көтермелеудің маңыздылығына байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның адам құқықтары саласындағы қарқынын оң бағалады

КС төрағасы Эльвира Азимова Конституциялық Сот өз қызметінде құқық үстемдігі мен адам құқықтарын қорғау қағидаттарын берік ұстанатынын атап өтті. Бұл саясатты іске асырудың маңыздылығы әлемдік қоғамдастықтың қатысушылары үшін туындайтын тәуекелдердің жаһандық өзгерістері жағдайында ерекше өзектілікке ие болады. КС басшысының пікірінше, құқықтық сын-тегеуріндерге уақытылы ден қою және заңды құрметтеу - мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына елеулі үлес.

Брифинг барысында Халықаралық сараптамалық қоғамдастық өкілдері Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы белсенді бастамаларын, бұл елдің әділ және ашық қоғам құруға деген ұмтылысын атап өтті, және ынтымақтастыққа дайын екендерін білдірді.

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның адам құқықтары саласындағы қарқынын оң бағалады

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори адам құқықтары тұрақты дамудың негізі екенін және БҰҰ -ның барлық аспектісін жаһандық деңгейде де, Қазақстанда да қамтитынын атап өтті.

БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметі адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, институттарды нығайтуға және инклюзивті тұрақты экономика құруға бағытталған. БҰҰ адам құқықтарын кеңейтуге және қоғамдық шартты нығайтуға бағытталған көптеген құқықтық құжаттарды әзірлеп, Қазақстанға қолдау көрсетті, - деді ол.

Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакала қазіргі уақытта Орталық Азия елдерінің көпшілігі ауқымды конституциялық реформалар жүргізіп жатқанын айтты. Ал Қазақстанда Конституциялық сот осы маңызды реформалардың тікелей нәтижесі болып табылады, оның мақсаты, басқалармен қатар, конституциялық сот ісін жүргізуді оңайлату және оған жеке қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Сонымен қатар мен Қазақстанның Конституциялық Соты «Конституциялық шағымдар мен конституциялық сот төрелігіне қол жеткізуге», сондай-ақ «Конституциялық сот төрелігін жүргізу саласындағы кәсіби дамуды арттыруға» арналған екі семинарды ұйымдастыру арқылы ЕО Taiex бағдарламасынан қолдау алатынын қуанышпен жеткіземін. Бұл бастамалар Қазақстандағы конституциялық үдерістерді нығайтуға, сот төрелігі өрбіп қана қоймай, қолжетімді болатын ортаны құруға бағытталған, - дейді шетелдік сарапшы.

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілінің міндетін атқарушы Летисия Баззии-Вейл Қазақстандағы бала құқықтарына ерекше назар аударатыны үшін ҚР Конституциялық сотына алғысын білдірді.

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның адам құқықтары саласындағы қарқынын оң бағалады

Сондай-ақ хабарлама рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Үшінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау жөніндегі жұмысы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне шынайы ризашылығымды айтамын. 2023-2025 жылдарға арналған балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу жөніндегі кешенді жоспарды қабылдауды қоса алғанда, Қазақстан қабылдаған бірқатар маңызды қадамдар Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғауды жақсартады және тиісті ТДМ-ға қол жеткізуге ықпал етеді деп санаймын, - деп атап өтті Летисия Баззии-Вейл.

Өзгелердің жаңалығы