Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қызылордада ұсталды

8 Ақпан 2022, 09:37
1415
Бөлісу:
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Қызылордада ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеу салынған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тәртіп сақшыларының қолына түскен адам былтырғы жылдың қараша айында ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Сот үкімі бойынша бұлтартпау шарасы да таңдалған. Алайда содан бері құқық қорғаушыларына ұстатпай келді. Жедел қызметкерлер жүргізген іздеу шаралары нәтижесінде ол ұсталды. 

Айта кету керек, жыл басынан бері Қызылордалық полицейлер бұған дейін іздеуде болған 5 күдіктіні ұстады.

Өзгелердің жаңалығы