Халықаралық іздестіруде жүрген шетелдік азамат ШҚО-да ұсталды

29 Қыркүйек 2023, 21:35
622
Бөлісу:
Халықаралық іздестіруде жүрген шетелдік азамат ШҚО-да ұсталды

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары Өскемендегі жалдамалы пәтерлердің бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шетелдік қылмыскерді ұстады. 

39 жастағы өзбекстандық бір жылдан астам уақыт бойы ауыр қылмыс жасағаны үшін, атап айтқанда ірі көлемде мүлік ұрлағаны үшін халықаралық іздестіруде болған.

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзбекстан Республикасындағы әріптестерімізге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді, – деді ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков. 

Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері іздестіруде жүрген 80-нен астам қылмыскерді ұстаған.

Өзгелердің жаңалығы