Халық сауалнамаға белсенді қатысты - Exit poll өкілі

5 Маусым 2022, 20:49
1424
Бөлісу:
Халық сауалнамаға белсенді қатысты - Exit poll өкілі

Петропавл, BAQ.KZ тілшісі. Қызылжар өңірінде референдум учаскелерінде Exit poll өкілдері жұмыс істеді.

Таңғы сағат 7:00-ден іске кіріскен мамандар дауыс беру науқаны аяқталғанша референдумға келген халық арасында саулнама жүргізді. Олар Солтүстік Қазақстан халқы саяси науқанға белсенді қатысып қана қоймай, пікір бөлісуге келгенде де іркілмегенін айтты. 

Солтүстік Қазақстанда дауыс беру құқығына ие 400 мыңға тарта тұрғын бар. 648   учаскесі тіркелген. Саяси науқан ашық әрі әділ өтуі үшін 1500-ге жуық қоғам өкілі жұмыс істеді. Олар дауыс беру науқанында өрескел талап бұзу болмағанын атап өтті.

Біз бекітілген талап бойынша  сауалнамаға қатысушыларға бір ғана сұрақ қойдық.  Жауабы құпия сақталады. Жұмысымыздың қорытындысын түнгі 12-ден кейін жариялаймыз. Қойылған сұраққа жауап беруден бас тарқандар болған жоқ. Референдумға келушілердің бәрі белсенділік танытты, - дейді «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының өкілі Зарина Баймағамбетова. 

Солтүстік Қазақстанда дауыс беру құқығына ие тұрғындардың 75,5 пайызы өз тауңдауын жасады. Олардың басым бөлігі күннің бірінші жартсында референдумға қатысып үлгерді.

Өзгелердің жаңалығы