Халықтың онлайн-саудаға деген сенімін арттыру маңызды – Президент

21 Мамыр 2021, 16:37
3041
Бөлісу:
Халықтың онлайн-саудаға деген сенімін арттыру маңызды – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында айтты.

Суэц каналындағы наурыз оқиғасы сауда жолдарының әлсіздігін және олардың әлемдік саудаға әсерін айқын көрсетті. Бұл оқиға жердегі маршруттардың маңыздылығын растады. Еуразия елдері өздерінің транзиттік әлеуетін толығымен іске асыруы керек, - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік артерияларының трансшекаралық учаскелерін жаңғырту жөніндегі жұмысты қайтадан жеделдетуді ұсынды.

Атап айтқанда, ЕАЭО-ның бүкіл аумағында Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомагистралін қайта жаңартуды аяқтау қажет. Бүгінгі күннің негізгі үрдісі - онлайн-сауданың қарқынды дамуы. Ол дәстүрлі дүкендерді біртіндеп ығыстырып жатыр.

Біздің де ұлттық және одақтық сауда алаңдарын дамытуға жағдай жасауымыз керек деп есептеймін. Халықтың онлайн-саудаға деген сенімін арттыру маңызды. Бұл тауарлардың қауіпсіздігі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ салықтар мен кедендік баждарды төлеудің толықтығын қамтамасыз ету мәселелерін шешуді талап етеді, - деп айтты Мемлекет басшысы.

Тоқаев электронды сауданы дамыту жөніндегі комиссияның жұмысы шеңберінде осы тармақтарды қарастырған жөн деп санайтынын жеткізді. 

Бұған дейін Тоқаев Өзбекстанмен бірлесіп жатқан жобаның маңыздылығын түсіндірді.


Өзгелердің жаңалығы