Халықаралық талаптарға сай әліпби болады – сенатор

28 Қаңтар 2021, 18:14
1504
Бөлісу:
Халықаралық талаптарға сай әліпби болады – сенатор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Премьер-министр Асқар Мамин Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. 

Ұлттық комиссия отырысына қатысқан Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы латын әліпбиі туралы өзінің пікірін білдірді.

Үкіметте Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысына қатыстым. Тіл комитеті, “Тіл-Қазына” ұлттық орталығы, А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты, тіл маман-ғалымдар соңғы үш жыл бойы орасан зор жұмыс жасады. Нәтижеде ғылыми сарапталған, жетілдірілген, нақтыланған, халықаралық талаптарға да сай келетін әліпби жобасы бекітілетін болады. Әрине, қарсы пікір айтушылар да жеткілікті. Дегенмен, еліміз үшін, тіліміз үшін саяси мәні бар екенін уақыттың өзі дәлелдеп береді. Ең бастысы ұзақ жылдар бойы тілдік отарланудан толыққанды арылуға негіз жасалынады, – деп жазды Мұрат Бақтиярұлы.

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары басталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы