Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда-экономикалық келіссөздер аясында біздің делегация Қырғыз Республикасының Көлік, сәулет, құрылыс және коммуникация министрі Гүлмира Әбдіралиевамен шекарадағы жағдайды талқылады, деп жазды Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында.
Қазақстан мен Қырғызстанның Премьер – министрлерінің қатысуымен қайта жаңартылған "Қордай-Ақжол" өткізу пунктінің салтанатты ашылуы және жалпы сауда байланыстарын кеңейту үшін Қазақстан-Қырғыз шекарасының өткізу қабілетін арттыру туралы сөз қозғалды. "Қордай-Ақжол" өткізу пунктін қайта жаңарту арқылы көлік ағынын 2,5 есеге арттыруға, жолаушылар ағыны тәулігіне 6 мыңнан 25 мың адамға дейін өсуіне мүмкіндік бар.
Биылғы жылы жаңа "Бесағаш – Кичи-Капка" өткізу пунктінің құрылысы және Қарасу өткелі пунктінде Шу шекаралық өзені арқылы өтетін көпірдің бірлескен құрылысы басталады. Шекара маңындағы сауданы тұрақты өсіру үшін (әсіресе, бірлескен өнеркәсіптік кәсіпорындарды, оның ішінде шекара маңындағы аймақтарда құру жөніндегі жоспарларымызды ескергенде) трансшекаралық логистиканы жетілдіруді жалғастыру талап етіледі. Алдағы бес жылда Аухатты және Сортөбе, Қарасу, Кеген, Айша бибі және Сыпатай батыр секілді 6 өткізу бекетін кезең – кезеңмен қайта жаңарту жоспарланып отыр.Бірақ бізге көлік дәліздерін құру бойынша да жұмыс істеу қажет, - деп жазды Сұлтанов.
"Алматы – Шолпан-Ата (Ыстықкөл)"автомобиль жолын салу мәселелері де талқыланды.
Азия даму банкі кеңесшілері ұзындығы 280 км болатын Алматы-Ұзынағаш-Қастек-Михайловка-Шолпан-Ата оңтайлы бағытын ұсынды. Қазақстан аумағы бойынша 42 км жолды қайта жаңарту және тағы 47 км салу қажет болады (талап етілетін инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 70 млрд теңгені құрайды). Азия даму банкінің кеңесшілері қазір жобаны бағалаудың екінші кезеңіне кірісті. Олардың жұмыс қорытындылары бойынша оны іске асыру мәселелерін қарайтын боламыз.
Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің алдыңғы отырысы кезінде біз "Ресей – Қазақстан – Қырғызстан – Тәжікстан" халықаралық көлік дәлізін құру келешегін талқылауды бастадық. Өткен жылы карантиндік шектеулердің әсерінен шекаралардың жабылуы –тауарлардың біздің аймақтың ішінде де, үшінші елдерге шығудың балама арналарын іздеуді ынталандырады. Ұсынылған дәліз Орталық Азия-Солтүстіктің тауар ағындарын жандандыруға мүмкіндік береді және тәжік аумағы арқылы Ауғанстанға шығуды қамтамасыз етеді. Сондықтан біз барлық бағыттарды қарастыруға дайынбыз, - деді министр.
Қырғызстанның Экономика және Қаржы вице-министрі Султан Ахматовпен бірге "Қордай-Ақжол"бақылау өткізу пунктіне барып, осы пунктің қайта құрудың соңғы іс-шаралары қаралды.
Біздің делегация Қырғыз әріптестерімізге "Қарасу-Ақ тілек"шекаралық өткізу пункті ауданындағы өнеркәсіптік-сауда - логистикалық орталықтың болашағы үшін ұсынылатын орнын көрсетті. Өткізу пунктінің орыны ыңғайлы, қайта құру жақын арада басталады. Сондықтан біз бұл опцияны ең тиімді орын ретінде қарастырамыз, - деді Сұлтнов.