Халықаралық деңгейде мойындалған шекараларды даулауға ешкімнің қақысы жоқ – Осмонакун Ибраимов

9 Қаңтар 2021, 21:30
1525
Бөлісу:
Халықаралық деңгейде мойындалған шекараларды даулауға ешкімнің қақысы жоқ – Осмонакун Ибраимов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасының экс-мемлекеттік хатшысы Осмонакун Ибраимов әлемде ешкім халықаралық құқықпен танылған ұлттық шекараларды даулауға құқылы емес деп санайды.

Бұл туралы ол Халықаралық Түркі академиясы өткізген «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференцияда мәлімдеді.

Қазіргі Еуразия кеңістігінің ғасырлар бойығы тарихын және бүгінгі келбетін түркітілдес мемлекеттерсіз елестету мүмкін емес. Әлемнің саяси картасында біздің тәуелсіз мемлекеттер пайда болғаннан бергі отыз жылда, біз олардың заңды халықаралық құқық субъектілері әрі әлемдік контексте тәуелсіз мәдени-экономикалық құрылым ретінде толық қалыптасқандығын батыл түрде айта аламыз. Қазіргі заманда халықаралық деңгейде мойындалған ұлттық шекараларды өткен тарихтың даулы мәліметтеріне, аңыздар мен мифтерге сүйеніп қайта даулауға ешкімнің қақысы жоқ, – деп атап өтті.

Айта кету керек, онлайн-оффлайн режимде өткен шараға 20 астам мемлекеттен ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ, түркі әлемінің бірқатар ресми тұлғалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.


Өзгелердің жаңалығы