Халықаралық ÁMEN Animation film festival-і аяқталды

1 Қараша 2020, 18:58
1300
Бөлісу:
Халықаралық ÁMEN Animation film festival-і аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Халықаралық ÁMEN Animation film festival-нің жеңімпаздары марапатталды.

Халықаралық ÁMEN Animation film festival-і өз мәресіне жетті. Біз күрделі жұмыс атқардық. Біздің сала үшін маңызды мәселелерді көтердік. Еліміз үшін ғана емес, бізге қарайлап отырған бүтін түркінің еңсесін көтерер ойлы шара өткізгенімізді сездік. Сырттан бақылаған адамға білінбеуі мүмкін, бірақ, осы өнердің тамыр соғысын сезіп отырған мамандардың шаттығын көрдік, үмітін ояттық, бірлігін нығайттық. Бұл біз үшін фестивальдан да мәнді дүние. Біз үшін Әмен деген сөз еңбек, қамқорлық, сенім деген ұғымның баламасы. Әмен Қайдаров дәл сондай болатын. Біз де сол жолда боламыз - дейді фестивальді ұйымдастырған "Балапан" телеарнасының басшысы Мақпал Жұмабай.

Конкурс жеңімаздары:

«Үздік кәсіби анимациялық фильм» - «Как мальчик спас свой город» Данияр Абдукаримов, Қырғызстан.

«Үздік режиссерлік жұмыс» - «Правила рисовальщика» Рим Шарафудтинов, Башқұртстан.

«Үздік сценарий» - Сергей Киатровтың «Ревизские сказки» фильмі, Татарстан.

«Үздік қоюшы суретші» - Дмитрий Власовтың «Flow»,(Өзбекстан) және Дастан Кішкентаевтың «Алпамыс»(Қазақстан) мультфильмдері.

«Үздік студенттік жұмыс» - Томирис Аралбайдың «Что то спрятанное в темном лесу», Қазақстан.

«Үздік студенттік режиссерлік жұмыс» - Әліби Мұқышевтың «Ластик» жобасы, Қазақстан.

«Үздік мультхикая» - Жанәділ Байдарбектің «Ырысты ыдыстар» анимациялық сериалы, Қазақстан.

«Әділ қазылар жүлдесі» - Иван Ардашовтың «Абақ және айналу жоралғысы» және Седа Бабаянның «Полет» мультфильмдері, Қазақстан.

«Көрермен көзайымы» - Жанат Жайлыбайдың «Дала ойындары» мультхикаясы, Қазақстан.

«Үздік комикс» - Эльвира Тұрғынбаева, Қазақстан.

Өзгелердің жаңалығы