Х Азаматтық форумда 100-ге жуық қазақстандық сарапшы сөз сөйлейді

12 Қараша 2021, 15:56
880
Бөлісу:
Х Азаматтық форумда 100-ге жуық қазақстандық сарапшы сөз сөйлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлім етті.

Спикерлер мен модераторлар ретінде 100-ге жуық халықаралық және шетелдік ұйым, бизнес-құрылымдардың, квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҮЕҰ көшбасшылары, ғылыми және шығармашылық одақтардың, өңірлік және ұлттық даму институттарының басшылары, азаматтық белсенділер, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар сөз сөйлейді, - деді ол.

Сондай-ақ Қожахмет олардың қазақстандық ҮЕҰ-ны қолдау және қоғамдық бастамаларды дамыту жөніндегі өз ұсыныстары туралы айтып, әлеуметтік әріптестікті жүйелі дамытуды қамтамасыз ету үшін Қазақстанда филантропиялық және қайырымдылық қызметті дәріптеу тәжірибесімен бөлісетінін айтты.

Форумға сарапшылар арасында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова, Парламент Мәжілісінің депутаттары Ирина Унжакова мен Ирина Смирнова, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің орынбасары Диана Дигол, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Башимов, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева және тағы басқалар бар.

Өзгелердің жаңалығы