Ғылымға бөлінетін қаржы ЖІӨ-нің бір пайызына да жетпейді - Саясат Нұрбек

5 Қазан 2023, 12:52
608
Бөлісу:
Ғылымға бөлінетін қаржы ЖІӨ-нің бір пайызына да жетпейді - Саясат Нұрбек
Фото: Арман Мухатов - архив

Nobel Fest әлемдік ғылыми фестивалінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ашық модельде негізгі басымдық (ауыртпашылық) жоғары оқу орындарына түспек. 2022 жылдан бастап тұңғыш рет отыз жылда біз қаржыландыруды үш есе өсірдік, яғни осы жылдан бастап ғылымға және ғылыми гранттарға 650 млрд теңге бөлінеді. Бұл - Президент пен үкімет тарапынан үлкен қолдау. Алғашқы рет біз ішкі жалпы өнімнің 1 пайызына жету арманымыз, қазіргі таңда ақырындап көшімізді бастадық, - деді Саясат Нұрбек.

Еске сала кетсек, бұған дейін министр әлемде ғылым мен білімге деген көзқарас қайта өзгергенін айтты. Ол соңғы ғылыми үш жаңалықпен бөліскен еді.

Өзгелердің жаңалығы