Грузиялық оппозиция сайлауға қатысудан бас тартты

22 Қараша 2020, 14:11
1315
Бөлісу:
Грузиялық оппозиция сайлауға қатысудан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Грузияның он жеті мажоритарлық округінде өткен сенбі парламент сайлауының екінші кезеңінде билік партиясының кандидаттары жеңіске жетті, деп жазды bbc.com. 

Оппозиция өкілдері сайлаудың екінші кезеңіне қатыспаған. Науқанға «жалған» деген баға беріп, жақтастарын да қатыспауға үндеген. 

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала есептеулері бойынша сайлаудың екінші кезеңіне сайлаушылардың 26,29 пайызы қатысқан. Бұл 2016 жылғы сайлаудың екінші кезеңімен салыстырғанда төмен, ол кезде сайлаушылардың 37 пайыздан астамы дауыс берген болатын, - делінген хабарламада.

Тбилиси халқының белсенділігі ең төмен болып шықты. Мұнда дауыс беруші ретінде тіркелгендердің тек 22 пайызы сайлау учаскесіне келген. Грузия астанасында сайлаудың екінші кезеңі сегіз округте өтті. Өйткені бірінші кезеңде үміткерлердің бірде бірі шекті дауыс мөлшерін жинамаған. 

Ал Грузияның шығысындағы Кахетияда сайлаушыларының 33,7 пайызы дауыс беріп белсенділік танытқандар көшін бастады.

Сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдерде әр округтен екі кандидат жазылған. Алайда оппозиция өкілдері тізімге шартты түрде ғана енгізілген. Өйткені олар бірінші турдың нәтижесіне келіспегендіктен, сайлауға қатысудан бас тартқан.

Өзгелердің жаңалығы