Гренландиядағы мұздық қарқынды еріп жатыр

17 Желтоқсан 2020, 22:49
2044
Бөлісу:
Гренландиядағы мұздық қарқынды еріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңартылған климаттық модельдерде Гренландиядағы мұздықтар өте жылдам ериді деп болжанған.

Норвегиядағы Осло университеті мен Бельгиядағы Льеж университетінің ғалымдары Гренландиядағы мұздықтардың қарқынды еритінін болжамдаған. Олардың зерттеу жұмысы Nature Communications журналында жарияланған.

Модельдеу деректеріне сүйенсек, тіпті алдағы онжылдықта жылу мөлшері ең төменгі деңгейде болған күннің өзінде Гренландияның мұзы бұрын болып көрмеген қарқынмен еріп, дүниежүзілік мұхит деңгейінің айтарлықтай көтерілуіне әкеліп соғады.

Ғалымдардың есебінше, Гренландияда орналасқан Жер бетіндегі үлкендігі бойынша екінші мұздық еритін болса, мұхит деңгейі 7,2 метрге көтеріледі екен.

Жаппай жылыну қарқынын ескерсек, ғасырдың соңына дейін мұхит деңгейі 18 сантиметрге көтерілуі мүмкін.
Өзгелердің жаңалығы