Грекияның шығысында орман өрті өршіп тұр

25 Шілде 2020, 04:46
1383
Бөлісу:
Грекияның шығысында орман өрті өршіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Небәрі бір тәулікте мұнда 50-ден астам өрт ошағы тіркелген.

Қазір жалынды сөндіру бойынша 200 өрт сөндіруші мен ондаған техника жұмыс істеп жатыр. Олар тәулік бойы тілсіз жаумен арпалысуда. Алайда оны сөндіруге күн райы кедергі болып тұр. Екпінді желден өрт оңтүстікке қарай ойыса бастаған.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын ғана Афин қаласы маңында алапат өрт болған еді. Тілсіз жаудан жүздеген адам қаза тапты.


 

Өзгелердің жаңалығы