Грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

30 Қыркүйек 2026, 18:25
АВТОР
 ҰОК 30 Қыркүйек 2026, 18:25
30 Қыркүйек 2026, 18:25
108
Фото: ҰОК

Қазақстан грек-рим күресінің шебері Мейіржан Шермаханбет Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

67 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Шермаханбет моңғолиялық Ганбаяр Намсраймен кездесті.

Отандасымыз 11:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Шермаханбет бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алған еді.

Бұған дейін Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдегері және Абиба Әбужақынова Азия ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері атанды.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы бір маусымда өзінің «Үлкен дулығасын» жинап, ел атын әлемдік шпагамен семсерлесу тарихына енгізді.

Наверх