Грек-рим күресінен жастар командасының бапкері әлем чемпионатын қорытындылады

7 Қараша 2019, 20:36
1280
Бөлісу:
Грек-рим күресінен жастар командасының бапкері әлем чемпионатын қорытындылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венгрияның Будапешт қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық "классиктер" екі қола медаль иеленді. 77 келідегі Тамерлан Шадукаев пен 82 келідегі Евгений Поливадов әлемдік сында үштікке енген болатын.

Команданың аға бапкері Жаңабай Оспанов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, жас балуандар додасына өз бағасын берді. 

Әлем чемпионатына біз толыққанды дайындала алмадық. Балалардың басым бөлігі Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионаты қарсаңында бас командамен жаттықты да, біз оқу-жаттығу жиынының алғашқы бөлімін жіберіп алдық. Кейін чемпионат қарсаңында ғана аздап дайындалуға мүмкіндік туды. Бірақ әлем чемпионаты болған соң, мұндай ірі турнирге тиянақты дайындықпен бару қажет. Осы жайттарды ескере келе, балуандарды қатты сынай алмаймын. Тамерлан Шадукаевқа төрешілердің салқыны тиді. Бұл балуаннан болашақта жақсы нәтиже күтемін. Тіпті, Тамерланның Олимпиада ойындарында жүлде алатын таланты бар. Қалған спортшылар да өз деңгейінде өнер көрсетті, - дейді бапкер.

Айта кетелік, одан бөлек Ернар Фидахметов (63 келі) пен Мансұр Шадукаев (130 келі) бесінші орынға табан тіреді.

Өзгелердің жаңалығы