Grand Slam Tblisi 2023: Ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі белгілі

20 Наурыз 2023, 13:10
609
Бөлісу:
Grand Slam Tblisi 2023: Ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі белгілі
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

24-26 наурыз күндері Грузия астанасы Тблиси дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің кезекті кезеңі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Аталған жарысқа әлемнің 62 елінен 440 спортшы қатысады деп жоспарланған. 

Тблиси татамиінде Қазақстан намысын 24 дзюдошы қорғайды:

Әйелдер: 
48 кг: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева 
52 кг: Толғанай Әбеуова, Гаухар Ирмағамбетова
57 кг: Бақыт Құсақбаева 
63 кг: Есмигүл Куюлова 
70 кг: Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы 
+78 кг: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова 

Ерлер: 
60 кг: Мағжан Шамшадин, Қанат Сейілхан 
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Ермек Амангелді 
73 кг: Жансай Смағұлов, Асқар Нарқұлов  
81 кг: Мадияр Сембаев, Абылайхан Жұбаназар 
90 кг: Дидар Хамза, Айдар Арапов  
100 кг: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас 
+100 кг: Ғалымжан Қырықбай, Жамбыл Тұрғыналиев 

Айта кетерлігі, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпазға 1000 ұпай, екінші орынға – 700, үшінші орын алған спортшыға 500 ұпайдан беріледі.

Өзгелердің жаңалығы