Гонконг тұрғындары қайтадан шеруге шықты

8 Қыркүйек 2020, 07:51
1427
Бөлісу:
Гонконг тұрғындары қайтадан шеруге шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гонконг тұрғындары қайтадан шеруге шықты. Бұл жолы жергілікті жұрт заң шығарушы орган құрамын сайлаудың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді, деп хабарлайды 24.kz.

Сонымен қатар, шерушілер Қытай тарапынан енгізілген ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заңға да қарсылық танытты.

Полицейлердің заңсыз митинг туралы ескертуіне қарамастан, азаматтар қолдарына плакат ұстап, үкіметке қарсы ұрандар айтқан. Осыдан кейін ішкі істер органдары мен демонстранттар арасында қақтығыс басталды. Шерушілер тәртіп сақшыларына бөтелке мен тас лақтырды. Ал полицейлер наразы топты тарату үшін бұрышталған оқ атты. Нәтижесінде 90-ға жуық адам ұсталды.

Полицияның айтуынша, бәрі қоғамдық тәртіпті бұзғандары үшін қамауға алынған.

Өзгелердің жаңалығы